и МРТ тысы режиме Т2 (1,5 TL) орындалған.

ҚортындысыМи МРТ сында субэпендимальды гетеротопия қарыншасының аймағында

Ми ЭЭГ – сы.Қортынды ЭЭГ.ЭЭГ патологиялық түрі. Пароксизмальды екі жақты синхронизациялык белсенділік 4-6 Гц, амлитудасы 300 мкВ, үшкір толқынды спайкалық белсенділік, эпилесияның белсенділігі мидың алдыңғы жағында байкалады

Клиникалық жағдайға жауаптар эталоны

«Ұстама кезіндегі эпилепсияны диагностикалау және жүргізу тактикасы »

Қадамдарды бағалау критериилері Жауаптар эталоны
Анамнезді жинау Барлық сұрақтар қойылды ма? Ұстамалар сипатын нақтылады. Ауру анамнезін және өмір анамнезін жинады, тұқымқуалайтын анамнезді нақтылады.
Эпилепсияның ауырлық белгілері анықталды ма ? Ұстамалардың жиілігін, тәуліктегі уақытын, ұзақтығын анықтады . Ұстамалардың ауырлығын бағалады, тырысу ұстамасының немен басылатынын нақтылады.
Физикалды қарап тексерудің дұрыстығы –жалпы қарап тексеру ОЖЖ патологиясымен науқасты жалпы қарап тексерудің қабылданған реттілігін сақтады .
Неврологиялық статусты қарап тексерудің дұрыстығы Неврологиялық статусты қарап тексеру реттілігін сақтады.
Болжама диагноз Болжама диагнозды дұрыс қойды : Эпилепсия, бұрмаланған жайылмалы тырыспалы ұстама.
Зерттеу жоспарын тағайындау Зерттеудің толық жоспарын тағайындады : ЖҚА,ЖЗА, жұлын сұйықтығының анализі, биохимиялық анализдер: глюкоза, мочевина,креатинин, АЛТ,АСТ, билирубин; ЭКГ, бассүйек рентгенограммасы, көз түбі, КТ не МРТ, ЭЭГ, ЭЭГ мониторингі.
Дифференциалды диагностика жоспары Дифференциалды диагностиканы толық жоспарын жазды : бассүйек жарақатымен, соматикалық патологиямен,бас миының қан тамырларының аневризмасымен, инфекциондыпатологиямен .
ЭЭГ интерпретациясы ЭЭГ интерпретациясын дұрыс берді: патологиялық тип
Жұлын сұйықтығының интерпретациясы Жұлын сұйықтығының интерпретациысын дұрыс берді –қалыпты
Бассүйек рентгенограммасының интерпретациясы Бассүйек рентгенограммасының интерпретациясын дұрыс берді - қалыпты
МРТнәтижелерінің интерпретациясы интерпретациясын дұрыс берді-ақтық зақым жоқ
Емдеу тактикасын анықтады Дәрілік препаратты дұрыс анықтады : тырысуға қарсы
Базисті терапия тағайындау . Нәтижелілігін бақылау Препараттың мөлшерін дұрыс жазды : Депакин кг \салмағына есептейді.
Емдеу нәтижелілігін бақылау Емдеу нәтижелілігін критерилерін дұрыс белгіледі : -күндіз 1 ұстамадан аз - айына 1 ұстамадан аз - жылына 1 ұстамадан аз - 3 жылда 1 ұстамадан аз - физикалық-эмоционалды күштемелерді жақсы көтере алушылық - компьютерде жұмыс істеудің дұрыс режимін сақтау - ұйқы және демалу режимінің дұрыстығы
Науқаспен оптималды байланыс орнату және үрейді басу

13.Медициналық симуляциясының сценариясы



Клиникалық жағдай: «Туберкулезді этиологиядағы экссудатты плеврит»

Ситуация:Сіз – қалалық клиникалық ауруханасының пульмонология бөлімінің дәрігерісіз. Жедел көмек көрсету каретасымен 28 жастағы пациент жатқызылды.

- пациенттен анамнез жинаңыз, қарап тексеру жүргізіңіз және аурудың ауырлығын бағалаңыз;

- клиникалық, зертханалық, аспапты зерттеу анализдерінен алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз;

- клиникалық және анықталған аурудың жағдайының жіктелуіне сәйкес болжама диагнозды қойыңыз;

- науқасты жүргізу тактикасын және емін анықтаңыз.

Қорытынды нәтижесі:

- плевритпен ауырған науқасқа сұрау және физикальды зерттеу жүргізіңіз;

- зерттеулерден алынған мәліметтерге талдау жүргізіңіз: қанның, зәрдің жалпы анализы, биохимиялық анализ, экссудат сұйықтығының анализы, плевральды сұйықтыққа микроскопия-лық зертеуді өткізу (бактериоскопия, G-xpert,BACTEC), кеуде торша ағзаларының рентгено-граммасының нәтижесі, компьютерлі томография.

- пациентты жүргізу және емдеу тактикасы.

Бағалау парағы (чек-парақ)

Клиникалық жағдайы бойынша:«Туберкулезді этиологиядағы экссудатты плеврит »

№№ Қадамдарды бағалау Баллмен бағалау
Дұрыс орындады Қатемен орындады орындамады
Шағым және анамнез жинау 1,0 0,5
Аурудың ауырлық критериясын анықтау 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу – жалпы қарап тексеру 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -тыныс алу жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Физикальды зерттеуді жүргізу -жүрек тамыр жүйесін зерттеу 1,0 0,5
Болжама диагноз 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын белгілеу 1,0 0,5
Дифференциальды ажырату диаг-ностикасының жоспары 1,0 0,5
Микробиологиялық диагностика-сын жүргізу 1,0 0,5
Зертханалық әдіспен зерттеу тәсілдеріне талдау беру 1,0 0,5
Плевра экссудатының анализіне талдау беру 1,0 0,5
ЭКГ талдау 2,0 1,0
Кеуде торша рентгенограммасын талдау 2,0 1,0
Пациенттің типін және категориясын анықтау 1,0 0,5
Химиотерапияны тағайындау 1,0 0,5
Емнің нәтижелігін бақылау 1,0 0,5
Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және үрейін жою 2,0 1,5
Баллдың жиынтығы

Стандартталған актерге (пациентке) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлі жазылған:пациент денесінің температурасы 38º- 39º С жоғарлауына,кеудедінің ауырсынуына, ентігуге, әлсіздікке, мардымсыз бейпродуктивты жөтелге, жөтелгенде кеудедегі ауырсынудың күшеюіне шағымданады.

Сауалдың мәні Актерге берілетін сауалдар жауап
Аурудың басталуы, симптомдар Осы жағдайыңызды немен байланыстырасыз? Суық тигенмен және тұмаумен байланыстырамын.
Ауру қалай басталды? Дене температурасының 38ºС көтерілуі-мен, кеуденің ауырсынуымен, ентігумен, құрғақ жөтелмен басталды.
Сізде кеуденің ауырсынуы алғашқы рет қашан пайда болды? Алғашқы рет бір аптадан кейін кеуде қысып ауырды.
Жөтел қақырықпен қоса жүрді ме? Құрғақ жөтел мазалады.
Әлсіздік байқалды ма? Екі аптадай әлсіздік байқалды.
Ауыртпалы фактор-дың анализы Сіз темекі шегесіз бе? Ия, 14 жасымнан шегімін.
Амбулаториялық ем Сіз дәрігерге қашан қаралды-ңыз? Ем тағайындады ма? Дәрігерге субфебрильды температурамен, кеуденің ауырсынуымен қаралдым. Қабырға аралық невралгиямен амбулаторлы емделдім. Емнің нәтижесі болмады. Әлсіздік, кеуденің ауырсынуы және ентігу күшее бастады. Жедел жәрдем шақырдым.
Қосарланған аурулар Гепатитпен, туберкулезбен, плевритпен ауырған жоқсыз ба? Жоқ, ауырған жоқпын.
Кәсіби, әлеуметтік тұрмыстық факторлар Сіздің тұрмыс жағдайыңыз және жұмысыныз қандай? 3-бөлмелі пәтерде тұрамын. Жеке меншік фирмада дизайнер болып жұмыс істеймін.

Анамнезінде: тұмаудан және суық тигеннен кейін екі аптадан астам өзін аурумын деп са-найды. Дімкәстіктен, әлсіздіктен, бас ауруынан, денесінің субфебрильды температурасынан басталды. Дәрігерге қаралды. Қабырға аралық невралгиядан емделді. Ем барысында жалпы жағдайы нашарлады, дене температурасы 38ºС көтерілді, жалпы әлсіздік және кеудегі ауру оң жағында күшее бастады.

«Плеврит» деген диагнозбен қалалық клиникалық ауруханаға пульмонология бөліміне жедел көмек каретасымен әкелді. Ауруханада кең спектрлі антибиотиктармен 10 күн емделді. Цефтриаксон тәулігіне 1,0 г 2 рет, метрогил 200мл көк тамырға тамшылап жіберді, солютаб 500мг тәулігіне 2 рет, флунол 150мл күніне 1 рет №1. Қабылдаған ем нәтиже бермеді.

14 жасынан темекі шегеді, күніне 1 пачка. Науқастын сөзіне қарағанда алкогол ішпейді. Нар-котикалық дәрілерді қабылдамайды. Кеуде торша ағзаларының соңғы ФГ 2013 жылы жасалған, патологияға анықталмаған (амбулаториялық картасында нәтижесі жазылған).

Қарап тексергенде/объективты: Интоксикацияға байланысты жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, дене бітімі астеникалық. Тері жабындысы ылғалды, түсі бозғылт, дене температурасы 38ºС, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды.

Көрсеткіштері нәтижесі Көрсеткештері нәтижесі
Эритроциттер 4,2 млн. жалпы протеин 68 г/л
Гемоглобин 138 г/л Альбуминдер 42,0 г/л
Түсті көрсеткіш 0,89 Мочевина 4,2 ммоль/л
Лейкоциттер 13,8*109/л Креатинин 108 ммоль/л
Нейтрофильдер: таяқшаядерлы Глюкоза 3,8 ммоль/л
Сегментоядерлы АЛТ 42 Ед/л
Эозинофилдер АСТ 24 Ед/л
Лимфоциттер Билирубин 22 ммоль/л
Моноциттер Холестерин 4,1 ммоль/л
Тромбоциттер 185*109/л
ЭЖШ 45 мм/час

Кеуде торшасы нормостеникалық, тыныс алуда кеуде торшасының оң жоғы қалып қоюда, ТҚС- минутында 22. Салыстырмалы перкуссияда оң жақтын 2 қабырға аралығында бұғанының ортаңғы сызығы, қолтықтың сызығы бойынша перкуторлы дыбыс қысқарған. Дауыс дырылы анықталмайды. Топографиялық перкуссияда оң және сол өкпенің ұшы алдынан 3 см бұғанадан жоғары, артынан жетінші мойын өмыртқасының қылқанды өсіндісінің деңгейінде, 4 см латеральды, Кренинг алаңының ені оң және сол жағында 4 см. Өкпенің аускультациясында өкпенің оң жағында тыныс естілмейді. Жүрек тоны ашық, дыбысты, ритмі дұрыс. ЖСС – минутында 74 соғу. АҚ – 110/70 мм с.б.. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыр, көк бауыр палпация-ланбайды, зәр шығару өзгеріссіз.

Зәрдің жалпы анализы

мөлшері – 120 мл

түсі – сабан түсті сары

мөлдірлігі – мөлдір

салыстырмалы тығыздылығы - 1014

протеин - теріс

қант - теріс

жалпақ эпителий – 0-1-2 көру аймағында

лейкоциттер – 0-1 көру аймағында

қақырықтың микроскопиялық анализы

26.12.14 – бактериоскопия – ТМБ теріс

26.12.14 – бактериоскопия – ТМБ теріс

27.12.14 – бактериоскопия – ТМБ теріс

Плевра сұйықтығын анализі:экссудат серозды, лимфоциттер- 100 % , бірен саран мезотелиальды жасушалар, глюкоза- 1,33 ммоль/л

Плевра сұйықтығын бактериоскопиялық әдіспен ТМБ-на зерттегенде, анализ теріс нәтиже берді,

Gеnе-Xpert әдісімен зерттелген плевра сұйықтығының анализы

26.12.14 – оң, рифампицинге сезімталдық сақталған

ЭКГ ауруханаға жатқызылғанда жасалған, қорытындысы: ритмі синусты, ЖСС –минутында 74 соғу., ЭОС тік тұратын орында.

Рентгендік зерттеу:

Қорытынды: кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасынның тікелей проекциясында – оң өкпенің төмеңгі бөлігінде үшбұрышты күнгіртену көлеңкесі көрінеді, негізі диафрагмада орналасқан ұшы қолтыққа қарай бағытталған, құрылымы біртекті, бояу қанықтығы орташа қанықтықта.

Өкпе түбірлері бейструктурлы, инфильтрацияланған, деформацияланған.

Кеуде торшасының КТ, қорытынды: кеуде қуысының артқы бөлімінде жартылай овалтәріздес сұйықтық көрінеді.

«Экссудатты плеврит» деген клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны

қадамдарды бағалау критериялары
Шағым және анамнез Рет ретімен және жүйелі өткізді, барлық анықтау сауалдарын қойды
Аурудың ауырлығын анықтау критериялары Науқастың жалпы жағдай орташа ауырлықта
Физикальды зерттеу жүргізу – жалпы қарап тексеру тері жабындысы ылғалды және бозғылт
Физикальды зерттеу жүргізу - тыныс алу жүйесін тексеру Кеуде торшасын қарап тексерді. Физикальды зерттеуді дұрыс жүргізді және тыныс алу жүйесінің перкуторлы және аускультациялық мәліметтеріне дәйекті дұрыс талдау берді.
Физикальды зерттеу жүргізу - жүрек- тамыр жүйесін тексеру ЖТЖ – тексеруын дұрыс және жүйелі жүргізді.
Болжама диагноз Пациенттің 38оС-39оС дейін температурасының көтерілуіне, ентігуге, жалпы әлсіздікке, бейпродуктивты жөтелге, анамнезіне, кең спектрлі антибиотиктармен жүргізілген ем нәтижесіз болғандығына, интоксикация симптомдардың күшеюіне шағымданған шағымдарын ескере және Gеnе-Xpert әдісімен зерттелген плевра сұйықтығының анализы оң нәтиже беруі туберкулезді этиологиядағы экссудаты плеврит деген диагнозды негіздеп қоюға болады.
Зерттеу жоспарын белгілеу Қанның жалпы анализы, қанның биохимиялық анализы, зәрдің жалпы анализы, ТМБ экссудаттың анализы.
Дифференциальды ажы-рату диагностикасы: Дифференциальды ажырату диагностикасын пневмонияда болатын плевриттермен, ісіктік плевриттермен жүргізу
Микробиологиялық диагностикасы ТМБ бактериоскопиямен зерттеген қақырықтың үш анализы теріс нәтиже берді G-Xpert әдісі ТМБ оң нәтиже берді, АБП сезімталдық сақталған. ВАСТЕС, баксебінді - жұмыста
Лабораториялық зерттеу әдісімен алынған мәлі-меттерге талдау беру Қан анализінде орташа лейкоцитоз, лимфоцитопения, жылдамдатылған ЭШЖ. ЗЖА, қанның биохимиялық анализы қалыпты.
Плевра сұйықтығының интерпретациясы Экссудаты зертегенде- экссудат серозды, лимфоциттер- 100 % , бірен саран мезотелиальды жасушалар, глюкоза- 1,33 ммоль/л
ЭКГ интерпретациясы Қорытынды: -ритмі синусты, ЖСС – минутында 74 соғу, ЭОС тік тұратын орында.
Рентгенограмманың жә-не КТ интерпретациясы Оң өкпенің төмеңгі бөлігінде үшбұрышты күнгіртену көлеңкесі көрінеді, негізі диафрагмада орналасқан ұшы қолтыққа қарай бағытталған, құрылымы біртекті, бояу қанықтығы орташа қанықтықта, ол плевритты көрсетеді.
Пациентті жүргізу тактикасын және терапевт-дәрігердің тактикасын анықтау Пациенттің типін және категориясын анықтау. 1. Фтизиатрдың кеңесі. 2. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелерінде ауру-ханалық ем жүргізу. Дезинтоксикациялық, жалпы күшін жоғарлатын және сорылатын терапияны тағайындау. Өкпе туберкулезі деген қорытынды диагноз қойылғанда ТБ 15 есеп формаларын толтыру, 058у және 089у формаларын СЭС жіберу. Жаңадан анықталған жағдай, бірінші категория
Химиотерапияны тағайындау Қарқынды фазасын бірінші қатардағы негізгі препараттармен (изониазид + рифампицин + этамбутол + пиразинамид)
Ем тиімділігін бақылау Бақылау рентгенограммасын тікелей және бүйірлік проекцияда жасау, плевра қуысына УДЗ зерттеу жүргізу
Пациентпен сенімді қарым қатынас тудыру және үрейлігін жою Пациентпен сенімді қарым қатынас орнатылды. Дәрігердің қойған барлық сауалдарына адекватты жауап алды.


7002613780563149.html
7002647682306730.html
    PR.RU™