Психикалық автоматизм синдромы.

Психикалық автоматизм –Кандинский – Клерамбо. Осы аурудың компанеттері – психикалық автоматизм,псевдогалююцинациялар,әсер ету сандырағы. Автоматизмнің 3 түрі:идиаторлы(ассоциятивті,ойлау. Вербальды псевдогаллюцинация болады);сенсорлы(сенестопатиялық,сезімталдық. Дәм сезу және иіс сезі псевдогалююцинациясы болады);моторлы(кинестетикалық,қозғалыстық. Науқас өзінің іс қимылдарын еріксіз жасалады,яғни біреудің басқаруымен жасалады деп айтады. Осының әсерінен ішкі ағзаларын зақымдайды немесе аяқ астынан өлімге алып келеді деп санайды.

33. Параноидты синдром-(галлюцинаторлы- параноидты синдром-) өзара органикалық галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар әр түрлі ара қатынаста көрінетін синдромдар. Егер галлюцинация басым болса галлюцинаторлы, сандырақ идеясы басым болса, параноидты деп аталады. Паранояльды сандыраққа сәйкес келген қате пікірлер жүйесі сақталуы мүмкін, бірақ оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұрысында оғаштық, сандырақ мазмұнының басым аффектіге және галлюцинацияға (псевдогал-я ға) тәуелділігі, олар да параноидты сатыда пайда болады.Жүйелендірілген политематикалық сандырақпен сипаталады, алдау, қабылдау,және вербалды түрінде кездеседі.тактилді гал-ямен жиі психикалық автоматизммен көрінеді. Сандырақ құрамына қызғаныш, жаңалық ашу, аңду, кейде ипохондриялық жағдай жатады.

34. Парафренді синдром- фантастикалық сандырақ синдромы. Созылмалы сандырақта парафренді синдром біртіндеп ақыл кемдігіне ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады. Ұлылық идеясы тән, сандырақтық идеялар ( есту гал-я, псевдогал-яр, псих-қ автоматизм) оғаштықпен, табанды тұжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіреді. Конфобуляциялар (әлем билеуші, өздерін өлмейтін адам санайды, атақты адамдардың кітабын өзім жаздым деп атайды. Космосқа ұштым) Көңіл күйі не көтеріңкі не депрессиялы. Депрессиялық науқастарда дамитын ипохондриялық Котар сандырағы болып табылады. Котар синдромы нигилистік-ипохондриялық сандырақпен үрейлі- сандырақтық деп-я көрінісімен, немесе мәңгі өмір сүру, мәңгі қорлық көру немесе сыртқы әлемді жоққа шығарумен фантастикалық ипохондриялық сандырақ түрінде көрінеді. Науқас өзін қылмыскер құдай деп санайды. Дүние жүзіндегі ашу мен ызаны мен басқарам, соғыстар, өлімдер менің әсерімнен болып жатыр деп өзін осы үшін жазалайды, ол өзінің өмір бақи өмір сүргем осы үшін жазамды тартамын дейді. Сонымен қатар ол ағзасы қандай да бір сигнал бергендей, не ішкі ағзасында бір нәрсе бұзылып жатқандай не миым жоқ не мен өлген мәйітпін дегендей сөздер айтады.Науқас өзін басқа ортада, үлкен жиында жүргендей сезімде болады.



35. Патологиялық аффект- психикалық жарақаттан кейін пайда болатын және сананың бұлыңғырлануымен және жалпы психоз кезінде амнезиямен жүретін қысқа мерзімді психоз. Транзиторлы жағдай (бірнеше минут-сағат- тәулік) 1. .Ол эпилепсия сияқты пароксизмді сипатта болады. Психикалық жарақат эпилептоформды белсенділіктің пайда болуы үшін себеп емес, триггерлі немесе іске қосатын фактор болып табылады. Сондықтан көбінесе науқас анамнезінде 1.ауыр бас-ми жарақатын, 2.бала кезінен орг-лық дисфункциясын немесе соматикалық интоксикация болса, 3. Физикалық қажу (сананың бұлыңғыр алжасуы) және ЭЭГ-да тырыспалық дайындықтың төмендеуін анықтауға болады. Психоз кезінде сананың бұлыңғыр алжасуы қатыгездікпен, жарақаттармен, көптеген соққылармен болады және олар өлімге әкелуі мүмкін. Қоршаған орта оның бұл әрекетін тоқтата алмайды, өйткені ол оларды естімейді. Психоз бірнеше минутқа созылады және науқастың әбден шаршауымен аяқталады; олар әлсіреп құлап түседі, кейде терең ұйқыға кетеді. Психоздан шыққанда олардың есінде еш нәрсе жоқ, тіпті таңданады, өзі жасамағандай болады. Патологиялық аффектіні шартты түрде ғана эмоциональды бұзылысқа жатқызады , өйткені бұның негізінде сананың бұлыңғыр алжасауы жатыр. Соттық- психиатриялық тәжірибеде бұл науқасты невменяемый деп танып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.



36. Обсессивті синдром-әр түрлі жабысқақтар және фобиялар түріндегі психопатологиялық өнімдермен көрінеді. Бұл кезеңде үрейлену, күдікшілдік, сенімсіздік күшейеді, астенизация, әуестіктер, іс қимылдар науқастың бір кездері критикамен қарайтын, ұмытайын деген ойларының есіне түсе беруі. Обсессивті синдромдары бар науқастарда жабысқақ ойлар ұстама түрінде өтіп кейбір кезде айқын вегетативті симптомдармен қатарласады тері жабындысының бозаруы, қызаруы, суық тері, тахи- брадикардия, ауа жетіспейтін сезіну, ішек перистальтикасының күшеюі, полиурия. Бас айналу, лоқсу, белгілері көрінеді.Обсессивті синдромда жиі бұзылыстар аралық психикалық ауруларда, егде жастағы адамдардың ауруы. Обсессивті компульсивті бұзылыс көбінде өзіне сын көзбен қарайтын ауруларда, депрессияда байқалады.

37. Истериялық синдром – психикалық, вегетативті, қимыл-қозғалыс және сенсорлы бұзылыстар симптамо комплексті көп жағдайда жетілмеген, инфантильді, психикалық жарақаттан пайда болған эгоцентризді адамда кездеседі. Бұл адамдар тіл байлығы керемет, өтірікке бейім, әсірелеп айтады, эмоциясы толқын тәрізді, қарсы шығу, қуаныш, жек көргіштік, симпатия,. Мимикасы , қимыл-қозғалыстары театральды мен дегені күшті болады, кез келгенді сендіреді, шындықтан безу үшін өтірік айтады, жас және жылау өте жылдам өтеді, тахикардия, АҚ төмен, ентікпе, тамағының қысылу сезімі, бұл истериялық комаға, құсу тері жабындысының қызару немесе бозаруына әкелу мүмкін. Қызбалы, шамданғыштық, шыдамсыздық, ұстамсыздық, ашуланшық сезімі басым болса гиперстеникалық деп атайды. Қалжырау, әлсіздік сезімі басым болса гипостеникалық деп атайды. Истериялық синдромда әдетте қозғалыс бұзылыстары аяқ қол треморының немесе барлық денесімен, астазия, абазия элементтерімен аяғын сүйтеру, баяулап отыру, жүрудің қиындауымен шектеледі. Истериялық афония, истериялық мутизм, тұтығу, саңыраулықпен, сурдо мутизм, истериялық соқырлық, гипостезия, анестезия. Психопатияда, истериялық реакцияда, истериялық неврозда және реактивті жағдайда истериялық синдром анығырақ. Сандырақтық қиял, пуэрилизм, псевдодеменция фонындағы психоз жағдайына ауысады.

38. Депресивті синдром-1. Психомоторлы тежелу 2 . Ойдың баяулауы 3. Соматикалық және вегетативті бұзылыстар. Гипестезия, иллюзиялық, дереализациялық және деперсонализациялық, мнестикалық үрдісте- таныстық сезімінің бұзылысы, ойлаудың- ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту, аса бағалы ойлар, сандырақтық ойлар, эмоциональды салада- қорқыныш және үрей реакциясы; қимыл-еріктік бұзылыстар тілек пен әуестіктердің басылуы, суицидальды тенденциялар басым, қайғылы бет-әлпет және қалып, баяу, бәсең дауыс.Үрейлі депрессивті синдром- маниакальды ступор және депрессиядан манияға немесе керісінше. Ажитациялық депрессия синдромында қимылдық тежелудің орнына қозу байқалады, маниакальды жағдайға тән. Маниакальды ступорда көтеріңкі көңіл күй фонында қимылдық тежелу болады.Депрессивті- паранодты- атипті аффективті жағдай. – маниакальды-депрессивті психозға сәйкес келетін аффективті синдромға басқа нозологиялық формалар-шизофрения, экзогенді және басқалар қосылуы. Ауқымды парафренді сандырақты жатқызады: депрессия кезінде өз басының өзгергендігі сезімімен жүретін ипохондриялық күйзеліс, науқастың ішкі мүшелерінің жоқ екендігі сенімділікпен, сыртқы ортаны, өмірді, өлімді жоққа шығару, өмірлік азапқа шалдығу. Гал-қ, сан-қ, сана күң-мен депрессия фантастикалық меланхолия деп аталады.

39 Маниакальды синдром-1. Себепсіз және тұрақты түрде көңіл-күйдің жоғарлауы.2. ойлау темпінің жоғарлауы. 3. психомоторлы қозу. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, ес үрдісінде гипермнезия, ойлауда- өз мүмкіндіктері мен өз тұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоциональды реакцияларда-ашушаңдық, еріктік салада-тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы; мимика пантомимика және науқастың бүкіл сыртқы болмысы қуаныш белгісін бейнелейді. Науқастардың барлық уайымдары жағымды тондарға боялған. Өткен жамандық, бақытсыздық бәрі ұмылады, осы кездегі теріс хабарлар қабылданбайды, болашақ ашық, жақсы түстермен көрінеді. Бірақ бұл көңіл күй уақытша, сыртқы себеп әсер еткенде тітіркенеді, ызаланады, жылы сөйлессең тез қайтады. Армандары шексіз, көп жағдайда өздерінің үлкен ашылулар жасағандарына өздері сеніп, басқалардыда соған сендіреді, көбінде үлкен жастағы және қарт адамдарда көрінеді. Ондай науқастар көп, қатты, жылдам, жиі, тоқтаусыз сөйлейді, сөйлемдерді жалғастыруда қарлығып шығады. Бір ойдан екінші ойға секіру, көп күлкілі, келемеждеу, өткір, шетел тілдернің сөздерін қолдану, сөз арасында ысқыру, өлең айту, есінің мықтылығы гипермнезиямен көрінеді. Көздері жылтырап, сөйлегенде түкірік шашырап, беті қызарған, бір орнында отыра алмайды, тәбеті жоғары, маниакальды қозу кешке қарай болады. Солнечная күндіздік мания. Оптимистикалық көңіл-күйінің жоғарлауы, сөздік, қозғалыстық қозу орташа. Жеккөрушілік мания көңіл-к жоғары және қозушылық. Араласқан мания.

40. Эпилептикалық ұстама- кенет дамитын, қысқа уақыттық, қайталануға бейім, сана бұзылысымен, тырысулармен немесе басқа да еріксіз қозғалыстармен және вазовегетативті реакциямен көрінетін ұстамалар.

Үлкен э.ұ- бір сәтте сананың толық жоғалуымен және кенеттен құлаумен жүретін генерализацияланған тырысулық ұстама. Аурадан басталады бірнеше сағат, күн бұрын бас ауру, әлсіщдік, көңіл-күй өзгрісі, еңбекке қабілеттік төмендеу, сенсорлы ( ауаның жеңіл қозғалысы, галлюцинация, психосенсорлы, дереализациялық, және деперсонализациялық, бұзылыстар, моторлы ( стереотипті автоматтандырылған қозғалыстар көрінеді) вегетативті (вазоматорлы және секреторлы), психикалық (аффективті, сандырақтық) Тырусулық ұстама басталған уақытта барлық көлденең жолақты бұлшыққеттердің тоникалық кернелуіне байланысты науқас («шалынған» тәрізді құлайды- тоникалық. Дене керіледі, қол-аяқ жазылады, өйткені жазғыш бұлшыққеттер күші басым болады. Тынысалу бұлш-ң жиырылу нәт-де кеуде қуысынан, спазмдалған дыбыс, айқай болып естіледі. Ауыз бірнеше секунд ашық болады, сонан соң тістері сақылдап, тілі мен ұрты шайналады. Көз бұлшыттері жиырылғандықтан көз аларады, 15-30сек созылады., клоникалық 20-40 сек, барлығы босаңсиды, науқас ұрылып соғылады, сілекей көбіктенеді, еріксіз несеп, нәжіс немесе ұрық шығару болады. Құрысудың барлық кезеңінде дем алмай бозарып, цианоз да болады. Құрысу аяқталғаннан кейін коматозды жағдай болады- жиі ұйқыға ауысады., құрысу есте қалмайды, ретроградты амнезия болады.

Кіші э.Ұ—кенеттен қысқа уақытқа сана сөнуімен тырысусыз ұстама, бұл уақытта, науқас құламайды, бастапқы қалпында қалады. Ұстама бірнеше секунд .

Эпилептикалық статус- коматозды фонда қайталанатын үлкен тырспалық ұстамалар.

41.Истериялық ұстама - психикалық жарақаттан туатын және өзін соған сендірумен болатын функциональды ұстама тәрізді бұзылыс. Бұл бұзылыстар демонстративті тұлғаларда және эпилептикалық пароксизмдермен бірге истериялық ұстамалар болуы мүмкін.. Клиникалық көрінісі әр түрлі. Ол өз аурын науқас өзі қалай ойласа солай көрінеді. Истериялық ұстама қоғамда болады және ұйқы кезінде болмайды. Үлкен эпилептикалық ұстамадан айырмашылығы.

Үлкен эпилептикалық ұстама Истериялық ұстама
Аяқ астынан, спонтанды Психикалық жарақатттан кейін
Аяқ астынан құлау, жарақат алу Байқап құлау, тіпті сүйкеніп барып құлау
Бозару тез, цианозға ауысу Қызару немесе вегетация жоқ
Рефлекс жоқ, ауырсыну, жарыққа Сіңір, қарашық рефлекстері сақталған, ауырсынуға, суыққа реакция бар.
Тоникалық фазадан клоникалық фазаға ауысады, зәр шығарып қою, және тілін тістеп алу Атипиялық тырыспалар, (қолын сермеу, тремор, жыбырлау, реттілік жоқ, науқас қалай жасаса солай.)
Бетте тырыспалық гримаса бар Мимика аянышты, қорқынышты, тіпті шаттану
Стереотипті, ұстамалар қайталанатын сипатта Ұстамалар бір- біріне ұқсамайды.
30 секундтан 2 минутқа дейін Бірнеше минуттан сағатқа дейін
Толық амнезия Шала есінде болады, гипноздан кейін бәрі есіне түседі.

42. Катотониялық синдром- 1. Катотониялық ступор. 2.Катотониялық қозу. Ступор-науқас тежелген, өзін-өзі күтпейді, көңіл аудармайды құрсақ қалыпта жатады, ауа жастық симптомы эхопраксия, эхолалия, Ступор түрлері: 1. каталепсия (балауыздық иілгіштік), 2.негативизм (пассивті-науқас тапсырмаларды мүлдем орындамайды, активті- белсенді түрді қарсыласады, яғни қойылған талаптарға қарама-қарсы әрекет етеді.)3. Бұлшықеттік сіресуі. Қозу- мағынасыз, мақсатсыз,қозу, кейде моторлы сипат алады, агрессивті, импульсивті әрекеттер, эхопраксия, негативизм, беттің кейпі жиі қалыпқа сәйкес келмейді; кейде парамимия байқалады: беттің жоғарғы жағы мимикасы қуанышты көрсетеді, көзі күлімсіреді, ал аузы ызалы, тістеніп алған, ернідері қатты қапсырылған, ауыр жағдайда сөйлеу жоғалады, мылқау қозу жағдайы болады, ырылдайды, мыңғырлайды, үзік-үзік сөздер, буындар, кейде тоқтаусыз сөйлеу, вербигерация- бір сөзді екінші сөзге мағынасыз қаптастыру байқалады. 1.Люцидті катотония кезінде сана күңгіртенбейді, негативизмді ступор, сіресу немесе импульсивті қозу байқалады. 2. Онейроидты катотонияда сана онейроидты күңгірттенеді, сасқалақтаумен катотониялық қозу немесе балауыздық иілгіштікпен ступор күйі болады. Жиі шизофрения кезінде, эпилепсия, экзогенді- органикалық психоздар кезінде кездеседі.

43. Астениялық синдром- шаршағыштық, тітіркенгіштік, ашушаңдық, қалыпсыз көңіл күй, ұйқысының бұзылуы және вегетативті симптомдармен, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, шыдамсыздық, зейін әлсіз, ұмытшақтық, оларға бір нәрсеге мән беру қиын, олар еркін күшпен нақты затты ойлауға тырысады бірақ олардың басында айналасынан отырған ісіне байланысты жоқ мүлдем өзгеше ойлар еріксіз пайда болады. Астенияның гипер және гипостениялық түрлерін ажыратады. Гиперстеникалық астенияда қоздыру үрдісінің қалыптылығы, тежеу үрдісінің әлсіздігі эксплозивті реакцияларға бейімділікке ықпал етеді. Гипостеникалық астенияда тек тежеу үрдісінің ғана емес, қозу үрдісінің де әлсіздігі көрінеді: ой жұмысы және физикалық жүктеме кезінде аса шаршағыштық, еңбекке қабілетінің төмендеуі, өнімсіздік, есте сақтаудың нашарлауы. Бұл жағдайларға бас ауруы, вегетативті бұзылыстар, сыртқы тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық қосылады. Вегетативті: жүрек-қантамырлар жүйесінде өзгерістер, АҚ төмен, тахикардия, пульс лабильділігі, тері жабындыларының тез қызаруы, қалтырау, тершеңдік, табеттің төмендеуі, спастикалық іш қату, ерлерде потенцияның төмендеуі, бас ауру, түнгі уақытта ұйқының болмауы, Науқастың конституциясы мен этиологиялық факторына мән беру керек. Эпилептоидты мінездегі астения өзінің айқын қозғыштығымен және ашушаңдығымен ал қорқыныш, үрейлері бар адамдарда әр түрлі жабысқақ ойлармен үнемі үрейдің болуы мүмкін. Астенияны депрессиямен дифференциалды диагностика жасау керек. Сондықтан көбіне астено-депрессивті синром терминін қояды.


6911412688536569.html
6911467501261378.html
    PR.RU™